Атырау облысы, Махамбет ауданында бума шөп өртеніп, үш бала ажал құшты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
Кеше сағат 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.
Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19:45-те жетіп, өрт 23:07 минутта толығымен сөндірілген.
Алайда, 6 қазан күні 00:02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған үш бала белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген.
– Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 дана техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Құрметті қазақстандықтар! ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді, — түсінік берді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі өкілі.