Өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарған жігіт марапатталды

Өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарған жігіт марапатталды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтып, марапаттады, — деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Сіз біздің заманымыздың нағыз ержүрек батырысыз. Сіздің ерлігіңіз құрметке лайық. Өйткені әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамның өмірін сақтап қала алмайды, – деді министр Ю.Ильин.

Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа «Өрттегі ерлігі үшін» төсбелгісін табыстап, отбасына бақыт пен амандық тіледі.

Ақылбектің сөзінше, ол өзін батыр санамайды.
– Менің орнымда кез-келген адам осындай қадамға барар еді. Мен өзім туралы мүлдем ойламадым, тек баланы құтқаруды ойладым, – дейді құтқарушы Ақылбек.

Естеріңізде болса, тілсіз жау Елордада 23 сәуір күні, күндіз сағат екілер шамасында Петров көшесі, 5 мекенжайында орын алған болатын. Бала үйде жалғыз болған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген Ақылбек оны құтқаруға кіріскен.

Үйдің 5-қабатына жылдам көтеріліп, темір есіктің ар жағында баланың жылап жатқанын естиді, бірақ есік ашылмайды. Ақылбек ойланбастан 4-қабатқа түсіп, көршілерінен терезеге өтуді өтінген. Терезеден шығып, баламен сөйлесе бастайды. Өртсөндірушілерді күте аласың ба деп сұраған, ол түтіннен тұншыға бастағанын айтқан. Сөйтіп, Ақылбек баланы қолына секіруге көндіреді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях