Өрт салдарынан баспанасыз қалған отбасы үйлі болды

Өрт салдарынан баспанасыз қалған отбасы үйлі болды

Талғар ауданында өрт салдарынан баспанасынан айырылған көп балалы отбасыға меценаттар үй алып берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың 25 ақпаны күні түн ортасында орын алған төтенше жағдайдың салдарынан алты балалы отбасы баспанасынан айырылып, қыс ішінде үйсіз-күйсіз далада қалған еді.

Талдыбұлақ ауылындағы көп балалы отбасының осы бір жағдайын облыс әкімі Амандық Баталов БАҚ арқылы біліп, ауданға тиісті көмек ұйымдастыру туралы тапсырма берген болатын. Бұл ретте ұсынысқа меценаттар да үн қатып, «Горизонт KZ» компаниясы тағдыр талқысында қалған жанұяға Талғар қаласынан жеке қаржысы есебінен үй сатып алып берді. Талғар ауданына барған сапарында облыс басшысы осы көп балалы отбасымен кездесіп, демеушілік жасаған қайырымды жандардың қол ұшын созғанын игі іс деп білетінін айтты.

Өткен аптада баспанасынан ойда-жоқта айырылған отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Қунаыш иелерін аудан әкімі Қайдар Әбдіханов арнайы барып құттықтады.

– Түн ортасы ауа түсініксіз бір дыбыстан оянып кеттім. Далаға шықсам, үйіміздің шатыры жанып жатыр екен. Күйеуім күзетшілік жұмыста болатын. Алғашында сасқалақтап қалдым, бірақ үлкен балаларым тез есімді жиғызып, бәріміз жылдам киіне бастадық, өрт сөндірушілерді шақырдық. Тек құжаттарымызды ғана алып үлгердік. Бұл оқиға 25 ақпанда болды. Жалпы айтқанда, біз көшеде қалдық. Бірақ, енді, міне, сол қиындықтың бәрі артта қалып, қатты қуанып отырмыз. Өз үйіміз бар дегенге әлі де сене алмай тұрмын. Бес ұлым, бір қызым бар. Үлкенім 8 сыныпта оқиды, кішкентайым 7 айлық. Енді олардың өз үлкен үйлері бар. Бізді қиын сәтте жалғыз қалдымай, көмек қолын созған жандарға алғыс айтамын. Облыс әкіміне, меценаттарға, аудан әкімдігіне, журналистерге, бізді қолдаған барша азаматтарға ризашылығым шексіз, – деді өзінің әсерімен бөліскен көп балалы ана Айгерім Талқанбаева.

Атап өтсек, Алматы облысында өткен жылы 1258 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген, соның 180-і меценаттардың қаржысы есебінен үйлі болды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях