ҚР Бас прокуроры болған Қайрат Қожамжаров қандай істерімен ел есінде қалды?

ҚР Бас прокуроры болған Қайрат Қожамжаров қандай істерімен ел есінде қалды?

 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің құқық қорғау жүйесінде ірі кадрлық ауыстырулар жасап, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ретінде Ғазиз Нұрдәулетовты тағайындады. Ал, басқа қызметке кеткен бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаров қандай істерімен ел есінде қалды? Бұл жөнінде Tengrinews.kz сайты мәлім етті деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. 

Ол 2017 жылы желтоқсанның 11-і күні Бас прокурор болып тағайындалды. Сол уақыттан бері өз саласына көптеген өзгерістер енгізді. Нақтырақ айтар болсақ, 2018 жылы 18 қаңтарда Ақтөбе облысында 52 Өзбекстан азаматы болған жолаушылар тасымалдаушы көлік өртеніп кеткен. Осыған байланысты Қожамжаров жолаушылар тасымалы саласында индустриядағы жүйелік бұзушылықтарды анықтап, жиі тексерістер жүргізіп отыруды тапсырды. Сондай-ақ,ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында теміржол вокзалдары, әуежайлар, Қорғас құрғақ порты мен «Шығыс», «Орталық-Батыс», «Орталық-Оңтүстік» тас жолын салуға арналған бюджеттік және Ұлттық қордың қаражатты мен шығындарын мұқият қадағалауды тапсырды.

Түрмедегі халық санының азайғанына қарамастан, сотталғандардың тарапынан шағымдары жыл сайын 26 пайызға артып отырады. Бұл жүйелі сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейімен байланысты екенін айтып 2018 жылдың басында Қожамжаров аумақтық прокурорлардың жұмысын сынға алды. Ол өз қызметін дұрыс атқара алмаған Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола және Жамбыл облыстарына жаңа прокурорлар тағайындады.

1 наурызда Қазақстанда сотқа дейінгі тергеу органдары тарапынан жасырын тергеу туралы, оның ішінде компьютерден ақпаратты құпия түрде алып тастау, телефондарды тыңдау, пошта жөнелтімдерін бақылау туралы міндетті хабарламаны енгізді. 2018 жылдың наурызынан тамызына дейін елде жасырын тергеу іс-шараларын жүргізу үшін 8 мың санкция шығарылған.

Сонымен қатар, Қайрат Қожамжаров құқық қорғау органдарынан қоғамға қаупі жоқ, әрі бас бостандығынан айырылған адамдарға балама жазалау шараларын қолдануды талап етті. Мәселен, үй қамауында ұстау және кепіл сияқты жазалардың кеңінен қолдану. Өз кезегінде бұрынғы бас прокурор сотталған қазақстандықтарды қорғау мақсатында ауруға шалдыққандардың тізімін қайта қарап, бас бостандығынан айырылғандарды мерзімінен бұрын босатуды және қамау орнынан босатылғандарды толыққанды жұмыспен қамту механизмін азірлеуді тапсырды. Бұдан бөлек, қылмыстық сот саласында бітімгерлікке келу жағына тыйым салды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях