Пробация қызметінің маңызы мол

Пробация қызметінің маңызы мол

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен білікті мамандар арасында кездесу болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметі енгізілгеннен бері құқық қорғау органдары қарқынды жұмысын жалғастырып келеді. Негізгі мақсаты — шартты түрде бас бостанды­ғынан айырылған азаматтарға әлеу­меттік-құқықтық қызмет көрсету болып табылады. Осы бағытта жүйелі жұмысты біздің аудандық пробация қызметі де тиісті шараларды істеп, жоспарлы түрде міндетін атқаруда. Аталған жұмыстың айқындылығын көрсету үшін бүгін аудандық полиция басқармасының мәжіліс залында аталмыш қызметтің есебінде тұрған адамдар мен аудандағы білікті мамандардың қатысуымен жиын болды.

Арнайы шақырылған қызметкерлер арасында аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының кеңесші менеджері, жұмыспен қамту орталығы мен жастар ресурстық орталығының мамандары болды. Пікіралмасуға ұласқан жиынды аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы Нұрбол Мухаммедиев жүргізіп отырды. Шақырылған мамандардың айтылған кеңестері пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың маңызды сауалдарын шешуге көп септігін тигізді. Талқыланған сұрақтың көбі жиналғандырдың жұмысқа орналасуына байланысты болғандықтан, оның да оңтайлы жауаптары айтылды. Мәселен, сотталған туралы анықтамасы барларға жеке кәсіппен немесе жұмыспен қамту орталығының ұсынған қызметтерімен айналысуға болатыны да сөз етілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях