Қарасайлық жастар сенбілік өткізді

Қарасайлық жастар сенбілік өткізді

Жастар ресурстық орталығының белсенділері аудандық Полиция басқармасының Пробация қызметінің есебінде тұрған жастарымен бірлесе отырып «Менің таза қалам» атты сенбілік жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны тазартуға, сондай-ақ, аталмыш органда есепте тұрған жастарды қоғамдық жұмыстарға тартуға бағытталған шараға 20-ға жуық жастар қатысты. Олар ертемен қолдарына тырма, күрек, қап алып Қаскелең өзенінің жағалауын тазалады. Жастардың бірлесе білектерін сыбана кіріскен игілікті істерінің арқасында бірнеше сағат ішінде өзеннің аумағы тазарып, көркейе түсті.

Айта кетейік, қарасайлық жастар мұндай игі істерді өткізуді дәстүрге айналдырған. Қайырымдылық, танымдық бағыттағы бұл іс-шара жылдың соңына дейін созылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях