Президенттің сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті

Президенттің сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Ұлан Әліпов жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылғандығын мәлімдеді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды», – деп жазды баспасөз хатшы Facebook-те.

Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясын 2019 жылдың ақпанынан бастап алдымен компания басшысының міндетін атқарушы, содан кейін басқарма төрағасы ретінде басқарды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях