Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында  

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында   

Бүгін  Полиция қызметкерлерінің  кәсіби мерекелері қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымының тілшісі.

Атаулы күн иелерін құттықтау үшін мінбеге көтерілген аудан әкімі Жандарбек Далабаев  мемлекеттің басты байлығы саналатын адамзат баласының өмірін қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүретін полицейлердің еңбегі қашанда ерен екенін жеткізіп, оларды мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Қарасайлық құқық қорғау органы қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстарына да тоқталып, жақсы тілегін білдірді. Мұнан кейін мерекеге орай марапаттау рәсімі бастау алды. Атап айтқанда, Қазақстан полициясы күніне орай, міндеттерін адал атқарып, жұмыстарында кәсіби сауаттылық танытқан бірқатар қызметкерлер аудан әкімі Жандарбек Ермекұлының Құрмет грамотасына және Алғыс хатына ие болды. Ал, аудан басшысы атынан басқармаға да арнайы сыйлық тарту етілді.

Салтанатты жиын барысында, сөз кезегін алған  аудандық Полиция басқармасының басшысы, полиция майоры Болат Тотыбаев қарамағындағы «жауынгерлеріне» жылы лебізін жолдады. Одан кейін аталған басқарма басшысы бірінші кезекте ішкі істер органдарының ардагерлері Нұрғазы Қасенұлына, Бекболат Сарбасовқа және құрметті қонақ Әлия Ратайқызына, Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар берді.   Сонымен қатар,  бірқатар қызметкерлерге «Қазақстан Полициясына 25 жыл» төсбелгісі және  басқарма басшысының Алғыс хаты табысталды. Жұмыс барысында алғыр да тәртіпті, өз ісіне жауапкершілікпен қарау сияқты қаситтерімен танылған жас полицейлердің ата-аналарының да мерейлері артып,  марапатқа ие болды. Ресми бөлімнен соң жиын әрі қарай аудан өнерпаздарының күшімен қойылған концерттік бағдарламаға ұласты. Алғашқылардың бірі болып сахнаға шыққан полиция қызметкері, капитан Абдуманап Мыңбаев «Қазақ полициясы» әнін орындап, әріптестерін өз өнерімен тәнті етті. Ал, эстрада жұлдызы Сейфуллин Жолбарыс,  «JS» тобы және басқа өнерпаздардың шырқаған әндері одан әрі жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, шара жақсы деңгейде түйінделді.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях