Педагогтердің жалақысы 25%-ға артты

Педагогтердің жалақысы 25%-ға артты

1 қаңтардан бастап еліміз бойынша педагогтердің жалақысы тағы 25 пайызға өсті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Естеріңізде болса, өткен жылы Президент тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 25 пайызға артқан болатын. Енді міне, 2021 жылдың алғашқы айынан бастап ұстаздардың айлығы тағы 25 пайызға көбейіп отыр. Тек қана мектеп мұғалімдерінің ғана емес, балабақша педагогтерінің, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандарының да еңбекақылары көбейіп жатыр.
Сонымен қатар, мұғалімдер біліктілік санатына қарай еңбекақының 30-дан 50%-ға дейінгі көлемін қосымша ала алады. Өз ісінің шебері болса, ай сайын еңбекақыға қосымша 50% төлем алып отыруға да болады. Пәнді ағылшын тілінде жүргізгені үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін де қосымша ақы төленеді.
Мұнан бөлек, өткен жылдан бастап магистрлік дәрежесі бар мұғалімдерге 27 мың теңге көлемінде қосымша төлем беріле бастады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях