Қарасай аудандық Статистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарасай аудандық Статистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарасай аудандық Статистика басқармасында жаңа басшы, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Каргуловтың бұйрығымен Дүйсенғалиева Ардақ Мұратқызы 2022 жылдың 10 қазанынан бастап Қарасай ауданының Статистика басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Дүйсенғалиева Ардақ Мұратқызы 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Көкжыра ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1998 жылы Алматы технологиялық институтын «тігін бұйымдарын құрастыру және оның технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын аяқтаса, 2011 жылы аталған оқу орнын «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы 1990 жылы Күрті ауданы өндірістік автожолдар учаскесінде хатшы-машинист болып бастаған. Бұл мекемеде 1992 жылға дейін жұмыс істеді.

1993- 2004 жылдары аралағында түрлі салада жауапты қызмет атқарып, еңбек етті.

2005-2006 жылдары Алматы облысының статистика жөніндегі есептеу орталығында маман болды. 2006-2009 жылдары Қарасай ауданының Статистика бөлімінің басшысы міндетін атқарушы, басшысы лауазымдарында еңбек етті. Ал 2009-2014 жылдары аталған мекеме басқармаға айналғанда да басшылық қызметте болды.

2014 жылдан бастап бүгінге күнге дейін Талғар ауданының Статистика басқармасын басқарды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарасай аудандық Статистика басқармасын осы уақытқа дейін басқарған Дина Нүпбаева мезгілсіз дүниеден өткен болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях