Павлодар облысында жаңа әкім. Бұрынғы басшысы қызметінен босатылды  

Павлодар облысында  жаңа әкім. Бұрынғы басшысы қызметінен босатылды   

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына  сілтеме жасап.

«Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалсын»  делінген Ақорданың хабарламасында.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1995 жылы Ақмола қаржы-экономика техникумын «Салықтар қаржыгері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржыгер және экономист» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2017 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2014-2016 жылдары Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2016 жылдың 1 желтоқсанынан 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болды. Ал, 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін  ҚР Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Еске салайық, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов 17 қаңтарда екі айға қамауға алынған болатын. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген еді. Бүгін  Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Жұмабекұлы Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях