Орталықтандырылған сумен қамту жүйесі 91%-ға жетті

Орталықтандырылған сумен қамту жүйесі 91%-ға жетті

Биылғы жылы Алматы облысында орталықтандырылған сумен қамту 91 пайызға жетеді деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл облысымызда жалпы соммасы 8 млрд. теңге болатын 69 жоба іске асырылып жатыр. Нәтижесінде орталақтандырылған сумен 675 елді мекен қамтылып, сумен жабдықтау деңгейі 91 пайызға жетіп, бұл көрсеткіш  еліміз бойынша ең үздік көрсеткішке айналды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысуымен жақында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Мұнан бөлек, жиын барысында облыс басшысы табиғи газдың жеткізілуі Алматы облысы  халқының өмір сүруін жаңа сапалы деңгейге көтергенін айтып өтті. Нақтырақ айтқанда Амандық Ғаббасұлының мәлімдеуінше бүгінде үйлерді газбен жабдықтау желісіне қосу жұмыстар 12 аудан мен 3 қалада қарқынды түрде жүргізіліп жатыр екен. Биылғы жылы бюджеттен 6,6 млрд. теңге бөлініп, 32 млрд. теңге инвестиция тартылған, яғни, 1 теңге бюджет қаржысынан болса, 4 теңге жекеменшік қаржыдан келеді. Жыл соңына қарай 800 мың халқы бар 144 елді мекен газдандырылу көзделіп отыр, нәтижесінде газдандыру деңгейі 30,4 пайызды құрайтын болады. Сонымен қатар, 2020-2022 жылдары «Талдықорған – Үшарал» және «Шелек – Кеген» магистралды газ құбырларын салу жоспарлануда, соның арқасында тағы 93 елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік туып отыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях