Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді мерзімінен бұрын тіркеуді аяқтады

Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді мерзімінен бұрын тіркеуді аяқтады

Мамыр айының сегізі күні өткен кеңесте ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді мерзімінен бұрын тіркеуді аяқтағанын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл кезеңді аяқтау үшін комиссияның бұрын қабылданған бірқатар шешімдеріне өзгерістер жасалды. Атап айтар болсақ, уəкілетті органдардың ақпарат беру мерзімін қысқарту туралы; кандидаттың заң талаптарына сәйкестігін белгілеу туралы бес күннің орнына екі күн ішінде; қол қою тізімдерін беру мерзімін екі күнге дейін қысқарту; сондай-ақ, жазылу тізімдерін заңмен белгіленген он күннін орнына бес күн мерзімге дейін тексеру. Орталық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес үміткерлерді тіркеу 2019 жылдың 11 мамыры күні сағат 18.00 дейін жалғасады, бірақ, барлық үміткерлер 6 мамырға дейін тіркеліп қойды. 11 мамырға дейінгі қалған уақытта кандидаттарға штаб қызметін ұйымдастыруға, сайлау учаскелерінде қаражат жинауға және науқанға жақсы дайындалуға мүмкіндік беріледі.

Президенттікке үміткер ретінде бірінші болып тіркелген «Нұр Отан» партиясының өкілі Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Екіншісі – «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігінің кандидаты Сәдібек Түгел. Бұдан кейін тіркеуді кәсіподақ федерациясының кандидаты Амангелді Таспихов алды. Бірнеше сағат өткеннен кейін ОСК «Ақ жол» партиясының кандидаты Дания Еспаеваға куәлік берді. Алтыншы мамырда «Ауыл» партиясының кандидаты Төлеутай Рахымбеков, Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының кандидаты Жамбыл Ахметбеков, «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов ресми түрде тіркелді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях