Қонаев қаласында 4000 га жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды

Қонаев қаласында 4000 га жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды

Облыс орталығы Қонаев қаласындағы 4000 гектар жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық аймақтарында қолданылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұндай шаралар Қонаев қаласында да белсенді түрде атқарылуда.

Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері апелляциялық соттың шешімімен 1840 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал бес га жердің меншік иелері өз еркімен жер учаскесінің меншік құқығынан бас тартқан. Сонымен қатар 2133,7 га жер бойынша пайдалану құқығы тоқтатылды.

Айта кетейік, 2023 жылы 15 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Қазірдің өзінде жалпы көлемі 1415 гектар жер учаскелеріне қатысты төрт іс қаралуда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях