Округ әкіміне лайықты үміткерлер таныстырылды

Округ әкіміне лайықты үміткерлер таныстырылды

Елтай ауылдық округінің әкім лауазымына үміткерлерлер таныстырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қандай да бір аймақтың әл-ауқаты, тұрмыстық жағдайы, әлеуметтік жағы жақсаруы сол жердегі әкімнің атқарған жұмысына байланысты екені рас. Осы орайда, басшылыққа сайланатын жаңа әкім өзінің атқарар жұмысына сай міндетін де білуге тиісті. Міне, осындай жауапкершілікті сезінер деген мақсатпен бүгін аудан әкімінің орынбасары Қанат Айманов Елтай ауылдық округінің әкіміне лайықты үш үміткерді таныстырды. Олардың қатарында Бекжан Абжан, Серік Қамзанов және Эльмира Тасырова сынды мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар азаматтар болды.

Басқосу барысында аудан әкімінің орынбасары Қанат Сабырұлы аталған үміткерлерді жиынға келген көпшілікпен жақынырақ таныстырып, олардың атқарған жұмыстарына да қысқаша тоқталып өтті. Ал, ауыл ақсақалдары мен бір топ тұрғындар жоғарыда аталған азаматтарды жылы қабылдап, болашақ ауыл басшысына қашанда қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях