ҰБТ-ға құжат қабылдау бес күннен соң басталады

ҰБТ-ға құжат қабылдау бес күннен соң басталады

ҰБТ тапсырудың қаңтар айында өтетін алғашқы кезіңіне өтінімдер  қабылдау бірінші желтоқсаннан басталады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Ұлттық тестілеу орталығының сайтына сілтеме жасап.

Ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ 2020 жылдың 15 мен 20 қаңтары аралығында өтеді. Оған қатысуға өтінімдер 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады.

Тестілеу  орта мектеп оқушыларына, бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін жоғары оқу орындарына күндізгі бөлімде оқитын студенттерге,  университеттегі студенттерге шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламалары тобы және білім беру бағдарламаларының басқа топтарына ауысқысы келетіндер үшін арналған.Тестілеуді тапсыру көлемі  2242 теңгені құрайды.  ҰБТ-да өз бағын сынағысы келген талапкерлерге қажетті құжаттар:  өтініш, 3 × 4 өлшемдегі екі фотосурет, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, тестілеуге қатысудың төлем түбіртегі.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях