Облыста ақпараттық технологиялар саласындағы бірінші технопарк ашылды

Облыста ақпараттық технологиялар саласындағы бірінші технопарк ашылды

Жуырда, Талдықорған қаласында облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен «Jetysu Hub» ІТ орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

ІТ мамандарының жаңа толқынын дайындау мен стартап-мәдениетін қалыптастыру, ел экономикасын ілгерілету үшін жоғары технологиялы жобалар әзірлеу мақсатында ашылған орталық облыстың ІТ индустриясының негізгі ядросы болады деп күтілуде. Осы мақсатта «Astana Hub» ІТ стартаптар халықаралық технопаркінің басқарушы директоры М. Сихаев пен «Jetysu Hub» ІТ орталығының басшысы М.Әсет өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қой қойды.

Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов бүгінге дейін Талдықорғанда заман талабына сай ІТ мектеп салынғанын, балалардың робототехникаға бейімділігін дамыту бағытында бірқатар шаралар атқарылғанын атап өтті. Сол сияқты алдағы уақытта Интернет колледж салынатынын да тілге тиек етті.

«Astana Hub» ІТ стартаптар халықаралық технопаркінің басқарушы директоры М. Сихаев та тілегін білдіріп, жас әріптестеріне қолдау білдіруге әзір екенін жеткізді. Сонымен қатар, орталықтың лентасы қиылып, қонақтар ғимарат ішін аралап көрді.

Қаланың алтыншы шағын ауданындағы 16 қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан орталықта робототехника, бағдарламалау кабинеттері, балалар орталығы, электронды кітапхана, бизнес акселератор, лекция бөлмесі, түрлі компаниялар мен резиденттердің ІТ орталықтары және т.б. орналасқан. Алдағы уақытта мұнда кез келген жастағы азаматтарды ІТ саласындағы жаңа технологияға үйретіп, оқытушылардың біліктілігін арттыру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шаралары атқарылады. ІТ-инкубаторда түрлі шеберлік сағаттары, бизнес тренингтер, хакатондар өткізілетін болады.

Осылайша «Jetysu Hub» IT орталығы Алматы облысындағы ақпараттық технологиялар саласында оқыту мен компанияларды әзірлеумен және дамытумен айналысатын бірінші технопарк болмақ.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях