«Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турнирі өтті

«Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турнирі өтті
Өткен аптаның соңында «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен жастар арасында «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХVIІ Республикалық пікір-сайыс турнирі өтті, деп хабарлайды «Karasayinfo.kz» желілік басылымының тілшісі. Аталмыш іс-шара Қаскелең қаласында орналасқан Сүлейман Демирел атындағы университетінде ұйымдастырылып, оған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқаділов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат және «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев қатысты.

Жалпы, пікір-сайыс турнирінің басты мақсаты – пікірталас жүргізе алатын өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өз тобының қызығушылығын сауатты аргументтермен қорғай алатын жастарды іздестіру болатын.

«Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турниріне республикамыз бойынша өңірлік іріктеу кезеңінен өткен 50 адам, яғни 20 команда келді. Сайыс американдық парламенттік форматта ойластырылып, қазақ және орыс тілдерінде 3-6 бөлім аралығында өткізілді. Ал, топтардың ойыннан ығыстырылуы бірде төрт кезеңінен басталды. Еліміз бойынша іріктеліп келген жастар бірнеше өзекті тақырыптарда пікірталасқа түсті. Дебат барысында студенттердің білімділігі, ой өңірісінің кеңдегі бірден байқалды. Бұдан бөлек, олардың өз арасында қарсыластарына деген ілтипаты мен сыйластығы да жоғары деңгейде болды. Жастардың ой жүйріктік жарысы екі күнге созылды. Осы уақыт аралығында қазақ тілді командалардың ішінен топ жарып, Шымкент каласынан келген жастар бірінші орынды иеленсе, ал, орыс тілді топтардың ішінде Акмола облысының жастары жеңімпаз болды. Пікір-сайыс үздіктері естелік сыйлықтармен, дипломдармен және «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогімен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях