Талдықорғанда көпбалалы аналар үшін қоғамдық көліктер тегін

Талдықорғанда көпбалалы аналар үшін қоғамдық көліктер тегін

Алматы облысында көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары аясында 4 және одан да көп баласы бар аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Egemen Qazaqstan» сайтына сілтеме жасап.

Игі бастама 1 сәуірден яғни бүгіннен бастап облыс орталығындағы автобустарда жүзеге асады. Талдықорған қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі алдын ала  облыс орталығындағы көпбалалы аналарды тіркеп, оларға тегін жол жүру билетін беруді бастаған. Сондай-ақ, бұл отбасылардың табыс деңгейін анықтау жұмыстары жүрзілген. Жалпы, Алматы облысында 4 және одан да көп балала тәрбиелеп отырған 40 ана есепке алынған.

– Бірінші кезекте табысы төмен көп балалы отбасыларына көңіл бөлетін боламыз. Аз қамтылған отбасыларын, соның ішінде көп балалы отбасыларын неғұрлым кең қамту үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерилері төменгі күнкөріс шегінің 70 процентіне дейін, яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін арттырылады. Мұндай отбасылардың кіріс жиынтығын есептегенде көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, балалардың мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақылар, стипендиялар есепке алынбайды. Соның негізінде біздің облыста атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 11 мың отбасынан 17 мың отбасына көбейгелі тұр, – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях