Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 31 наурызда бекітілген «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасын бекіту туралы» № 162 қаулысының  күші жойылғанына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама үш бағытқа бөлінеді.

Бірінші  бағыт:  Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

3) қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру.

Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Барлық сұрақтар бойынша Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

Мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 263 «а», «Верона» бизнес-орталығы, 2-ші қабат. Телефоны: 8 (727) 360-11-95.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях