Алматыда қала сыртында тұратын дәрігерлер жатақханаға орналастырылды

Алматыда қала сыртында тұратын дәрігерлер жатақханаға орналастырылды

Алматыда қала шетінде тұратын дәрігерлер Қазақ ұлттық медицина университетінің жатақханасына орналастырылуда, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы  24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл біріншіден, жұқпалы дерттің таралуының алдын алу, екіншіден, медицина қызметкерлерінің алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 756 адамға арналған жатақханада қазір университеттің магистранттары мен шетелдік студенттер тұрып жатыр. 12-қалалық аурухана мен перинаталдық орталықтың 98 қызметкері осында орналастырылған.

– Инфекцияны жұқтырамыз ба деп қорқамыз. Сол үшін бізді осы жатақханаға жатқызды. Жағдайы жақсы. Асханасы бар, тамақ дайындап, істеуге болады, – дейді 12 қалалық аурухана қызметкері Марияш Жұбаева.

Жатақхана меңгерушісінің айтуынша, тағы 50-ден аса орын бос. Тұрамын деген аурухана қызметкерлеріне есігіміз ашық дейді олар. Жатақханада барлық жағдай жасалған. Тазалық жұмыстары жиі жүргізіледі.

– Бүкіл жауапкершілікті түсінеміз. Қазір біздің дәрігерлер бірінші шепте тұрғандықтан, әрине, оларға көмек көрсетуіміз керек. Ол өте дұрыс жағдай деп ойлаймын, – деп өз пікірін білдірді жатақхана меңгерушісі  Марал Әубакірова.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях