Нұротандықтардың XXVІІ есеп беру-сайлау конференциясы

Нұротандықтардың XXVІІ есеп беру-сайлау конференциясы

Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының XXVІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Бұл жиынға аудан әкімі Жандарбек Далабаев төрағалық етіп, оған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық Саяси Кеңесінің мүшесі Серікбай Нұрғисаев және сайланған 110 делегат қатысты.

Ең алғашқы сөз аудан басшысы Жандарбек Ермекұлына беріліп, ол есеп беріп отырған 2017-2018 жылдар аралығы партия үшін саяси оқиғаларға толы, нәтижелі кезең болғанын атап айтты. 2017 жылы 25 қаңтар күні билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде үндеу жарияланған. Елбасы өз үндеуінде алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұрғанын атап өтіп, мемлекеттің басқару жүйесінде жаңғырту қажеттігін жеткізген еді. Бұл үндеуді тұрғындар арасынан кеңінен талқылап, сараптама жасауда партиялықтар белсенділік танытқан аудан әкімі Ж.Далабаев ерекше айтып өтті. Сонымен қатар, өткен жылдың сәуір айында жарияланған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жылдың басты жаңалығына айналғанын жеткізіп, сол жылы Қазақстандағы ең маңызды оқиғалардың бірі –«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу болғанын мақтанышпен тілге тиек етті. Ал, «Экспо-2017» көрмесіне Қарасай ауданынан 650 балаға тегін жолдама берілген. Бұдан бөлек, былтырғы жылдың ірі саяси оқиғасының бірі болған «Алашорда үкіметінің 100 жылдығы» айтулы мерейтойына орай, Жетісу өңірінің барлық оқу орындарындарында нұротандықтардың ұйытқы болуымен ауқымды жиындар, конференциялар ұйымдастырылғаны да ерекше атап өтілді. Мұнан соң, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын кеңінен насихаттау жұмыстарын іске асырылуын талқылау үшін, конференция жұмысына қатысып отырған Серікбай Өрікбайұлына сөз берілді. Сонымен қатар, мінбеге жарыс сөзге аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов, Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов және аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жарқынай Садуова шақыртылып, баяндама оқыды. Оларда Елбасының бастауымен іске асып жатқан «Нұр Отан» партиясының жарқын жұмыстарын айтып, ауданымызда нұротандықтардың жүзеге асырып жатқан ерең еңбектерімен бөлісе келе партияға «қанағаттанарлық» деген бағаларын берді

Жалпы, конференция барысында «Нұр Отан» партиясының облыстық партия филиалының XXІV есеп беру-сайлау конференциясына сол партия филиалының квотасы бойынша 22 делегат ұсынылып, бір ауыздан сайланды. Ал, «Нұр Отан» партиясы Жарғысының 9.4. тармағына сәйкес, Қарасай аудандық партия филиалы Саяси кеңес Бюросының жаңа құрамы таныстырылып, оған тоғыз адам сайланды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях