Министр мемлекеттік туды балконға ілудің талаптарын айтты  

Министр мемлекеттік туды балконға ілудің талаптарын айтты   

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарға мемлекеттік туды пайдалануға рұқсат берілсе де, оның негізгі тәртібін түсіндірді,  деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы   Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 801 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ендігі кезекте енгізілген өзгерістердің нәтижесінде азаматтарымыз үшін Мемлекеттік Туды пайдалану аясы заңнамалық тұрғыда кеңейтіліп отыр», — деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ онлайн-брифингте.

Министр мынадай талаптарды атап өтті:

  1. ҚР Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдаумақсатында пайдалана (орнату, орналастыруға) алады.
  2. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға осы қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бір қабатты және (немесе) көпқабатты ғимараттарда экстерьер нұсқасындаорналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігі берілді.
  3. Бұдан былай жеке тұлғалар ғимараттарда орналастырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тәуліктің қараңғы уақытында жарық құралдарын қолданбайпайдалана алады.

Бұл талапты (тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру) заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар ғана ұстануы керек.

«Жалпы алғанда, аталған өзгертулер еліміздің Мемлекеттік Туының қолданылу аясын едәуір кеңейтеді, оның қоғамдағы патриотизм рухын нығайтуға бағытталған символдық капиталын жаңаша ұғынуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Еске салайық, қазақстандықтарға патриоттық сезімін білдіру үшін еліміздің мемлекеттік туын ғимараттар мен балкондарда ілуге рұқсат етілді. Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях