«Менің атымнан Сізге бір пожаловался». Қазақстандықтар ресейлік депутаттың парақшасына «шабуылдады»

«Менің атымнан Сізге бір пожаловался». Қазақстандықтар ресейлік депутаттың парақшасына «шабуылдады»

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесі желіде қызу талқыға түскен болатын. Депутаттың сөзіне наразы болған қазақстандықтар оның Instagram желісіндегі парақшасына «шабуыл» жасады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік «Первый канал» эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген.

«Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы – Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы», – деген еді Никонов «Большая игра» бағдарламасында.

Депутаттың Instagram желісіндегі парақшасындағы соңғы жазбасына 2 мыңнан аса пікір жазылған. Кейбір қазақстандық депутатқа Қазақстан тарихын оқуға кеңес берген. Ресейлік депутаттың сөзіне қазақстандық шенеуніктер де наразы болған.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед те Вячеслав Никоновтың даулы сөзіне қатысты пікір білдірген болатын.

–Бұл не: жаугершілік сауатсыздық, саяси инфантилизм немесе екі халық пен мемлекет арасында сына қағуға бағытталған әрекет пе? (…) Бұл тек саяси жауапсыздық емес, сонымен қатар, ғасырлар бойы қалыптасқан біздің ортақ мұрамыз – халықтар арасындағы достықтың негізі болып келе жатқан миллиондаған қазақ пен орысты қорлау. Мен және миллиондаған қазақстандық үшін орыс пен қазақ халқының арасындағы достықты қорғауымыз керек екені анық. Қорлау мен арандатушылық мәлімдемелерден аулақ болу керек, – деді сенатор.

Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях