Облыстық қоғамдық штабының жұмысы жалғасуда

Облыстық қоғамдық штабының жұмысы жалғасуда

ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдерінен құралған штаб мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Кеше облыстық қоғамдық штабының мүшелері ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласындағы «Ж-Каскелен» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Басқосу барысында облыстық штаб мүшелері Ерболат Тұрымбетов пен Жандарбек Далабаев кандидат Қ.Тоқаевтың өмірбаянына, жетістіктеріне және «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталып, негізгі бағыттарды баяндады. Оның ішінде еліміздің болашағы балаларға қолдау көрсету, жастарға несие беру, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту бағдарламалары туралы кеңінен айтып өтті. Сондай-ақ, штаб мүшелері мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар және саяси өзгерістер жайлы да ақпарат беріп өтті.

Кездесу соңында үміткердің сенімді өкілдері кәсіпорын қызметкерлеріне 20-шы қарашада өтетін ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысуға, ел болашағы үшін әр азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізді.

Мұнан бөлек бұл күні штаб мүшелері Райымбек ауылдық округіне қарасты Абай ауылындағы № 1 орта мектепте де үгіт насихат жұмыстарын, жүргізіп, кандидаттың бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Бұған қоса, «Есіктен есікке» акциясы аясында ауданымызда Қазақ тілі қоғамын басқаратын Шара Қанатқұлқызының үйіне де барып қайтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях