Мемлекет тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлерге рейд жүргізілді

Мемлекет тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлерге рейд жүргізілді

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген үйлерді мақсатты бағытта пайдалануын және төлем бойынша құралған қарыздарды тексеру мақсатында құралған аудандық комиссия мүшелері бүгін өздерінің кезекті рейдтерін жүргізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бұл жолғы кезекті тексеріс жұмыстарын комиссия мүшелері тұрғындар тарапынан бірқатар шағымдар түскен «Алтын ауыл» ықшам ауданында орналасқан № 19 көпқабатты пәтерден бастады. Рейд жүргізгендер алдымен мемлекеттік бағдарлама арқылы заңды түрде жалға алған пәтер иелерінің бар жоғын тексерді. Себебі, кейбір азаматтар пәтерлерді мемлекеттік бағдарлама негізінде алғанымен, өздері тұрмай, жалға беріп қойған. Тексеріс барысында осындай заң бұзушылыққа барған төрт пәтер иелері анықталды. Анықталған баспана иелерінің үстілерінен алдағы уақытта сотқа шағым түсетін болады, өйткені, мемлекеттік бағдарлама арқылы берілген баспананы ала отырып, оны қолданбай басқа адамға жалға беру бұл заңға қайшы әрекет болып саналады.

Сонымен қатар, шарада комиссия мүшелері тұрғындардың үйдің төлемдерін уақытылы жасауын да тексеріп, төлемеген адамдарға келесі аптаның соңына дейін қарыздарын жабуға уақыт берді. Егерде олар осы уақытқа дейін қарыздарын төлемейтін болса, онда сот арқылы үйлерінен айырылатын болады.

Аталмыш комиссияның басшысы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ербол Нағашыбаевтың айтуынша мұндай тексеріс жұмыстары заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту үшін және де қажеттілігі жоқ болсада мемлекет тарапынан үй алып, оны өзінің пайдасына асырып отырған адамдарды жауапқа тарту мақсатында жасалып отыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях