Маусым айынан бастап еліміз бойынша дәрі-дәрмектің бағасы бірдей болады  

Маусым айынан бастап еліміз бойынша дәрі-дәрмектің бағасы бірдей болады   

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

–    Ертең, яғни 9 сәуірден бастап  Денсаулық сақтау министрлігі барлық дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу жөніндегі өкілеттілігіне ие болатын Қазақстан Республикасының заң нормасы күшіне енеді. Бүгінгі күні нарықпен, «Атамекен» АЭС және мамандандырылған қауымдастықтармен келісілген көтерме және бөлшек сауда белгілерінің икемді регрессивті жүйесі жасалды. Ережені Әділет министрлігі мақұлдайды. Ережелер шығарылғаннан кейін көтерме және бөлшек бағалық лимиттерді белгілей отырып, Министрдің бұйрығы түрінде жүзеге асырылатын болады,  – деді комитет төрайымы.

Оның айтуынша, болжаммен аталмыш бұйрық мамыр айында жүзеге асады. Барлық дәрі-дәрмектердің бағасы  Денсаулық сақтау министрлігі, Фармация комитеті, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының ғаламтор жүйесінде, сондай-ақ, арнайы әзірленген мобильді қосымшаларда жарияланатын болады.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях