Мал базарын тексерді

Мал базарын тексерді

Жақында, Алматы  облысы  прокуратурасының  «2016-2017 жылдарға  арналған  мал  ұрлығына  қарсы  жол  картасын» жүзеге  асыру  мақсатында ауданымызда кезекті рейд жүргізілді. Аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Джапаров жетекшілік еткен жұмыс тобының құрамында прокуратура, ішкі  істер  бөлімінің өкілдері,  ҚР АШМ   Ветеринариялық  бақылау  және  қадағалау  комитеті Қарасай аудандық  аумақтық  инспекциясының  басшысы М.Джақсыбаев, тұтынушылардың  құқығын  қорғау  мекемесінің жетекші  маманы Е. Бельгужанов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы С.Иманқұлов, Жаңашамалған  ауылдық  округі әкімінің орынбасары  М.Нисупов болды.

Рейд барысында ауданымызға қарасты Жаңашамалған округінде орналасқан «Еламан» ішкі сауда  орталығына сатуға  әкелінген үй жануарларының жан-жақтан тасымалдау  тәртібі және олардың тиісті ілеспе құжаттарының болуы қадағаланды. Нақты айтқанда, тексеріс кезінде Жаңашамалған,  Көлащы,Тұрар ауылдарынан  әкелінген 15 ірі қара, 40 ұсақ тұяқты малдың  төлқұжаттары, ветеринариялық  анықтамалары, құлақ жапсырмалары қаралып, олардың ауыл шаруашылығы малдарына арналған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру веп-порталында  тіркелгендігі  анықталды.

Сонымен қатар, аталған сауда орталығындағы ет сату орынындарында сатылымға келіп түскен ет өнімдерінің ветеринариялық ілеспе құжаттарына да тексеру жүргізілді. Қуантарлығы, нәтижесінде ешқандай заң  бұзушылықтар анықталмады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях