Маңызды мәселелер айтылып, өтініштер ескерілді

Маңызды мәселелер айтылып, өтініштер ескерілді

Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың жеке қабылдауында қашанда тұрғындар тарапынан талай өзекті сауалдар қойылып, өтініштер легі айтылып жататыны рас. Олардың бірқатарын аудан басшысы заң аясында шешімін тауып, бағыт-бағдарын айқындап береді. Жандарбек Ермекұлының бүгінгі өткен қабылдауында да қарасайлықтарды мазалаған бірнеше мәселелер көтеріліп, жауапты мамандардың ортақ қатысуымен талқыланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Санитарлық талапқа сай өткізілген аудан әкімінің жеке қабылдауына тұрғындармен қатар оның орынбасарлары, қала және округ әкімдері мен әр салаға жауапты бөлім басшылары қатысты.

Жандарбек Ермекұлы алдымен әкімд

ік ішінде орналасқан «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініштерін арнайы тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін біржақты шешу үшін тиісті басшыларға нақты тапсырма жүктеді. Одан кейін аудан басшысы үлкен мәжіліс залда қабылдауға жазылғандардың басқа да сан сауалдарын тыңдап, әрбіріне лайықты жауап берді.

Жалпы көбісі тұрғын үй мәселесін сөз етсе, бірқатары әлеуметтік көмек, білім, жол және мәдениет саласын да алға тартқанын айта кеткен жөн. Кейбір ауылдық округтің тұрғындары жол, ұрлық, жарық сияқты мәселелерді де қозғап, ауылдастардың атынан өтінішін білдірді. Аудан әкім Жандарбек Далабаев барлығын назарға алатынын айтып, жоспар бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді. Ал, С.Тұрғанбаева, Ж.Айболтинова, Г.Сағымбекова, Б.Таштырова сынды қабылдауға жазылғандар тұрғын үйге қатысты өз ойларын білдіріп, аудан әкімінің нұсқауымен осы салаға жауапты бөлім басшысы Ербол Нағашыбаевтан жеке кеңес алды.

Қарасайлықтардың осылайша өтініш-тілектері жан-жақты талқыланып, оларға заң аясында қажетті ақпаттар берілді. Аудан басшысы Жандарбек Далабаев әрбірінің мәселесін назарға алып, оны шешу жолында жұмыстар атқару үшін жергілікті әкімдік басшылары мен жауапты мамандарға қосымша тапсырма берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях