Алқа мәжілісі алға жаңа міндеттер жүктеді

0
1814

Бүгінгі аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың төрағалығымен, әкімдіктің кезекті алқа мәжілісі өтіп, онда Қарасай ауданының 2018 жылдың  IІ тоқсанындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және ІІІ тоқсандағы міндеттері кеңінен талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша алдымен аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаевтың баяндамасы тыңдалды.

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында ауданның  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің даму болжамы тұрақты екендігін тілге тиек еткен баяндамашы әр салаға жеке-жеке тоқталып, атқарылған жұмыстар жайлы жан-жақты мағлұмат берді.

Жалпы алғанда, қай бағытта болса да қолға алынған іс жетерлік. Ілкімді ілгерілеушіліктермен қатар алда түзетер кемшіліктер де емес.

Баяндама толық тыңдалған соң Жандарбек Ермекұлы оларға назар аудартып, кейбір бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, аудандық ішкі істер басқармасына қылмыс санын азайту бойынша тиісті шараларды қолға алып, профилактикалық жұмыстарды жандандыру, ауданның бас дәрігері Е.Сәрсенбаевқа ана мен бала өлімін болдырмауға жіті назар аударуды жүктеді. Бұдан бөлек өзектендіру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Себебі, қазіргі таңда оған қатысты жұмыстардың нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай болмай тұрғаны айтылды. Бұл ретте аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыспен қамту орталығына өзектендіруге қатысты көрсеткіштерді әлі де түзете түсу тапсырылды. Кейбір округ әкімдерінің атына да сын-ескертпелер айтылды. Олар негізінен округ деңгейінде инвестициялар тарту мен төртінші деңгейлі бюджетті іске асыруға қатысты болды.

Алқа мәжілісін қорытындылаған аудан басшысы Жандарбек Далабаев жалпы жартыжылдықтың қорытындысы жақсы деңгейде болғанымен, қол жеткізілген көрсеткіштерді әлі де жақсарта түсу үшін алда көп жұмыс күтіп тұрғандығын жеткізді.

Соңынан жиын барысында айтылған ұсыныстар ескеріле отырып тиісті қаулы қабылданды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь