Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған монеталар айналымға шығарылады

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған монеталар айналымға шығарылады

Биыл Ұлттық банк номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік МН25 мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бірақ, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты монеталарды сату кейінірек жүзеге асырылады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтында қосымша ақпарат орналастырылатын болады.

«ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ» монетасының графикалық композициясының негізінде соғыс әкелген алапатты сипаттайтын қабырғаның бөлінген жарығы аясында совет жауынгерінің стильдендірілген бейнесі бар. Алдыңғы жағында мәңгілік оттың бейнесі, оның жалынынан жер бетіндегі бейбітшілік үшін совет жауынгерлері өмірлерінің нышаны іспеттес көгершіндердің көкке самғаған бейнесі көрсетілген. Композицияның оң бөлігінде – қалампыр гүлінің стильдендірілген бейнесі. Жоғары бөлігінде мерейтойлық даталарды бөліп тұрған және жауынгердің бейнесін ұстап тұрған бес қырлы жұлдыз бейнеленген.

Монетаның реверсіндегі жазу кириллицада орындалған, бұл сол уақыттағы оқиғалармен тарихи байланысты баса көрсетеді. Оның дизайнына Қазақстан Ұлттық банкі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізген «ЖЕҢІС МОНЕТАСЫН ЖАСА!» жалпы республикалық конкурс жеңімпаздарының идеялары пайдаланылды.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады. Коллекциялық монеталар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында дайындалған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях