Ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық өнер ұлықталды

Наурыз айының бірінші күні бастау алған «Анаға құрмет» музейіндегі Ырза Тұрсынзада ханымның шебер сабақтары өз мәресіне жетті деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Үш күн ішінде  қыз-келіншектер тігін өнерін қыр-сырын үйреніп, үздік нәтижелерін көпшілік назарына ұсынды. Осы уақытта шебер сабаққа қатысушылар қызылды-жасылды көз сүйсіндірер  көрпелерді құраудың қыр-сырын меңгергенін анық байқауға болады.  Ауданымыздың нәзік жандарына   арналып ұйымдастырылған шараға қатысты аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова  мен музей негізін қалаушы Бақыт Шпекбаева мән-маңыздылығын тілге тиек етіп, өте жақсы деген бағаларын берді.  Басқосу концерттік бағдарламадан кейін марапаттау рәсіміне ұласты. Мадақтау кезеңінің алғашқысын   «Аманат» Ауған соғыс ардагерлер одағына жетекші Бақытжан Мулинов бастап шараның өтуіне ұйтқы болған бірқатар белсенділерге «Құрметті ұстаз», «Ана жылуы» атты медальдарды тапсырды.

Ал, музей әкімшілігі осы жиынға орай келгендерді құр қол қайтармай, өз сертификаттарын берді. Барлығы үшін керемет сыйлықтың төресі демеушілер атынан тігін машина мен Ырза Тұрсынзаданың курсынан өтті деген  сертификаттар болды. Жиынның қазылар алқасы сараптай келе, тігін құрылғылары  шебер сабақтардан өткен арулардың ішінен көпбалалы жағдайы төмен үш аруға алдағы уақытта қосымша табыс көзі болу үшін табыс етілді.  Ұрпақтар сабақтастығын артырып, ұлттық өнегені насихаттаған мәдени шараның қорытынды кеші наурыз айының бесі дәл осы ару аналарға арналған тарихи орталықта түйінделетін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях