Ұлттық домбыра күнімен түркиялық күйшілер құттықтады

Ұлттық домбыра күнімен түркиялық күйшілер құттықтады

Түрік күйшілері қазақ күйлерін бағлама мен тарда орындап, халқымызды Домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық Домбыра күнімен қазақ халқын Анадолы еліндегі ағайын құттықтап жатыр. Юсуф Алтын мен Хусейн Кайнак атты түркиялық музыканттар қазақтың күйлерін Түркия мен Әзербайжанның ұлттық аспабы – бағлама мен тарда шертіп, атажұртына үлкен сәлемін, ыстық ықыласын жолдады. Юсуф Алтын мен Хусейн Кайнак жақында Семейдегі Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Домбыра күніне арналған домбырашылар сайысына қатысқан екен. «Құлақтан кіріп бойды алар» тақырыбындағы халықаралық онлайн-сайысты Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония ұйымдастырған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях