Журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды

Журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды

Қазақстандық танымал журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше Қуандық Шамахайұлы 23 маусымда COVID-19 жұқтырды деген күдікпен жедел жәрдем қызметі арқылы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға ауыр халде түскен. Қойылған диагнозы: ауыр дәрежедегі анықталмаған этиологияның екі жақты полисегменталды пневмониясы. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлаған екен.

Шамахайұлы Facebook-парақшасындағы соңғы жазбасында түнгі 2:00-де ұйқысынан оятып, дәрі бергенін, бірақ, оның нақты қандай дәрі екенін айтпағанын жазған еді.

Басқарма мәліметінше, 29 маусымда танымал журналистің жүрегі тоқтап қалған. Реанимацияға қарамастан, науқас қайтыс болған. Қазір өлімнің себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен.

Қуандық Шамахайұлы 1960 жылы Моңғолияда туған. Ұланбатырдағы Моңғолия мемлекеттік университетінде журналист мамандығы бойынша білім алған. ҚР мәдениет қайраткері, Ақпарат ісінің үздігі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған.

Журналистикадан бөлек жазушылықпен де айналысқан. «Таскене», «Сексеуіл бүршік жарғанда» романдарының, «Кішкентай адам», «Сағым жыл» әңгімелерінің авторы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях