«Немередегі» мереке

0
4292

Бүгін жаңа жыл мейрамына орай, Қаскелең қаласы әкімінің қайырымдылық шыршасы өтті. «Немере» балабақшасында ұйымдастырылған іс-шараға 70-ке жуық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалар қатысты.

Ақ ұлпа қар жамылған шыршалардың сұлбасы қойылып, қабырғаларға жаңа жыл сәні – түрлі жарқырауықтар ілініп, зал әдемі безендірілген. Қарша қыздың киіміндегі қаршадай қыздардың әдемі биі сахна шымылдығын ашқан соң, қала әкімінің орынбасары Рафаел Мұқанов балаларды салтанатты түрде мейрамдарымен құттықтады.

Әрі қарай мерекелік шара балдырғандардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концерт барысында әсем әндер шырқалып, көңілге қонымды көріністер қойылды. Әр түрлі ертегі кейіпкерлері  балалардың көңіл-күйін көтеріп, шаттық сезімге бөледі. Соңына қарай, сахнаға мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар шығып, жаңа жылдық шыршаның шырағын жақты. Тәттілер мен басқа да сыйлықтар барлық бүлдіршіндерге үлестірілді. Осылайша ерекше әсерге бөленген салтанат иелері естелік суретке түсіп тарқасты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь