Үйірмелер неге жабылып жатыр?

0
538

Іргелі, Кемертоған, Көксай ауылдарының халқы оқушыларға арналған үйірмелердің жабылуына наразы. Ауылдықтар осындай уәждерін бүгін Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаевтың өзінің халыққа есеп беру кездесуінде тыңдады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Балалардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін шыңдауға арналған білім ошақтары 1 наурыздан бастап жабылып жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың есептік кездесуінде ата-аналар қауымы шағымдарын айтып, үйірмелердің не себепті жабылып жатқанын сұрады. Олардың айтуынша, тегін білім беретін орталықтар оқушылар үшін таптырмас мүмкіндік болған. Алайда қазіргі уақытта ешқандай бала қабылдамайды. Осының себебін ауыл тұрғындары аудан әкімінен сұрады. Жандарбек Ермекұлы бұл жайтқа қатысты жақын уақытта нақты жауап беретінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кеше, яғни, 1 наурыздан бастап қаржы тапшылығына байланысты облыс көлеміндегі шығармашылық үйірмелердің тоқтатылғандығын хабарлаған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь