Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші кезеңі аяқталды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші кезеңі аяқталды

Он бір жылдық білімнің нәтижесін көрсететін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында да өзгертулер болып, биыл ауданымыздың талапкерлері де ҰБТ-ны өзгеше сынақ түрінде тапсырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Өздерінізге белгілі болғандай биыл талапкерлер қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында оқуға түсу үшін өз бақтарын сынайтын болады. Бірақ, тестілеудің уақыты өзгертілгенімен пәндік тапсырмалар еш өзгеріссіз қалады, талапкерлер бұрынғыдай үш міндетті (Қазақстан тарихы, математика, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пәндер бойынша тестілеуден өтеді.

Маусымның 25 күні аудан орталығындағы «Ұлттық тестілеу орталығы» болып саналатын Белинский орта мектебінде 11-сынып оқушылары үшін грант иегері атануға және білім беру гранттары тағайындалатын конкурсқа қатысу мүмкіндігін алатын ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші кезеңі өтті. Жалпы ауданымыз бойынша тестілеуге 50 мектептен 1310 оқушының 1289-ы қатысты.Яғни, бірінші күні 495, екінші күні 367, үшінші күні 427талапкерлер өз бағын сынады. Сынақ тапсыру кезінде ережеге сай барлық талапкерлер белгілі уақытта кіргізіліп, видеобақылау, металліздегіш, телефон тұншықтырғыш құралдарын пайдалану арқылы аудиторияларда өткізілді. Тест сұрақтары комиссия мүшелеріне жеткізіліп, сарапшылардың қатысуымен ашылды. ҰБТ сынағының қорытындысы бойынша ауданымыздағы ең жоғарғы балл – 137, ең төменгі балл – 14. Ал, 100 баллдан асқан түлектер саны 444, өтпелі 50 балдан төмен жинағандар саны 133. Бап пен бақ қатар «шабатын» бұл сында қарасайлық түлектер оң көрсеткішке қол жеткізе білді. Бұл жайт, сөз жоқ, аудан мектептеріндегі білім мен тәрбие беру үрдісіндегі оң нәтиже деп білеміз.

Тағы бір айта кетерлігі, ҰБТ-ның ендігі төртінші кезеңі тамыз айында өтеді. Бірақ, ол сынаққа қатысқан талапкерлер жинаған балдарына қарамастан тек ақылы оқуға түсе алатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях