Ұлттық Банк «Жеңіс монетасын жаса!» атты конкурс жариялады

Ұлттық Банк «Жеңіс монетасын жаса!» атты конкурс жариялады

Қараша айынын 11-не бастап Қазақстанның Ұлттық банкі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қазақстандықтар арасында тиіндердің ең жақсы бейнесі үшін «Жеңіс монетасын жаса!» атты ашық конкурс жариялады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлы Жеңіс мерекесі аясында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – дарынды азаматтарды анықтау және ынталандыру, сондай-ақ, «Жеңістің 75 жылдығы» номиналы бойынша 500 және 100 теңгелік ескерткіш монеталар жасауға тұрғындарды тарту. Аталмыш конкурс қараша айының 11-нен 25-не дейін жалғасып, онда автордың бір ғана жұмысы қабылданады. Нәтижесі 2019 жылдың 2 желтоқсанында жарияланатын болады.

Байқауға қатысу туралы өтініштерді «Жеңіс монетасын жасаңыз!» деген жазумен 050040, Алматы қ. Көктем-3, 21 үй деген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберу керек. Сонымен қатар, байқауға қатысуға өтінімдер мен конкурстық суреттерді masheyeva.a@nationalbank.kz мекенжайына жіберуге болады.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях