Вакцина алғаннан кейін қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

Вакцина алғаннан кейін қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

ҚР ДСМ санитарлықэпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдырса да, коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Комитет төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта вакцинациядан кейін 6420 адам ауырып қалған. Оның ішінде «Спутник V» алған 5511 адам, «Hayat Vax» – 665, «QazVac» — 113 және «CoronaVac» салдырған 124 адам бар.

«Айта кетейік, мұнда әлі де вакцина алғандардың үлесі өте аз: екпе салдырған 5,2 миллион адамның 0,1% ғана ауырып қалған. Бұл вакцинаның тиімді әсер ететінін, яғни аурудан қорғайтынын көрсетеді. Және вакциналаудың дельта-штаммнан да қорғай алатынын көрсетеді», – деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде журналистер сұрағына берген жауабында.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях