Ұлттық банк «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» монеталарын айналымға шығарды

Ұлттық банк «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» монеталарын айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» коллекциялық монеталарын айналымқа шығарады, деп хабарлайды karasayinfo.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Монеталарды шығару Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі. «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» монеталарының сипаттамасы: Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында — ұлттық ою-өрнек элементтері. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар, ал мельхиордан жасалған монетаның астында «200 TEŃGE» жазуы орналасқан. Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) елдің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін ашылған кітаптың айшықты бейнесі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар.
Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях