Ұлағатты тұлға

Ұлағатты тұлға

Аудандық кітапханада ұлағатты тұлғаларға арналған кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаеев өз Үндеуінде ағымдағы жылдың 9 маусымында Қазақстан Республткасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілетіні жайлы мәлімдеген болатын. Осыған орай «Nur Otan» партиясының сайлауалды іс-шаралар жоспары негізінде және ауданымыздың 90 жылдық мерейтойыны орай, бүгін аудандық кітапханада ұлағатты тұлғаларға арналған кездесу кеші өтті. Қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен жиынға ауданымыздың ардагер ұстаздары мен жастары қатысты. Мақсаты ардагер ұстаздың еңбектерімен таныстыра отырып, ол туралы мол мағлұмат беру еді.

Басқосуды қала әкімінің орынбасары Гүльнар Молдамсеитова ашып, бүгінгі маңызы мол шара ұлағатты ұстаздардың бірі Сейітхан Исаевқа арналғанын айтып өтті. Оның барысында аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы жақында Алматы облысының Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз, соғыс ардагері, 102 жасқа қараған шағында мәңгілік сапарға аттанған Сейітхан Исаевтың өмірбаяны, білім жолындағы қажырлы еңбек жолдары жайлы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері атанған ардақты қария Сейітхан Ахметұлының «Ұстаз болу бір бақыт», «Аманат» атты кітаптары жайлы да айтылды.

Салиқалы кездесуде жастар ұлағатты ұстаз жайлы біраз мағлұмат алып, өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях