Коронавирустан қайтыс болған әйелдің күйеуі де осы індетке шалдыққан

Коронавирустан қайтыс болған әйелдің күйеуі де осы індетке шалдыққан

Коронавирус анықталған Қосшы ауылының тағы бір тұрғыны жақында осы вирустан қайтыс болған әйелдің күйеуі болып шықты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді.
1953 жылы туған ер адам бұған дейін стационарлық карантинде жатқан. Ал, кеше кешке одан алынған сараптамалар расталған.
Айта кетейік, қазір аталған отбасының басқа да мүшелері ауруханада жатыр. Жалпы, Қосшы ауылынан қазірге дейін 5 адам жұқтырып отыр. Олардың ешқайсысы шетелге шықпаған.
– Бүгінгі таңда барлық пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Тиісті ем-дом жасалып жатыр. Жалпы облыс бойынша стационарларда 92 адам жатыр. Олардың төртеуі инфекциялық бөлімшеде, 49-ы карантиндік стационарда және 39-ы провизорлық бөлімшелерде ем алуда, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях