Аудан әкімі журналистерді қабылдады

Аудан әкімі журналистерді қабылдады

Егемен елімізде 28 маусым бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде бекітілген. Осыған орай бүгін Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев журналистерді қабылдады. Оның барысында аудан басшысы жергілікті және аймақтық БАҚ өкілдерін мейрамдарымен шын жүректен құттықтап, ізгі ниетін, ақ тілегін білдірді.

Сонан кейін ауданның мәдени- қоғамдық өміріне белсене араласып, сан алуан тақырыпта тартымды материалдар дайындап, журналистік шеберлігімен оқырман жүрегіне жол таба білгені үшін облыстық «Жетісу» және «СТВ» телеарнасының қызметкерлері Олжас Уәли, Құрманжан Қасымжанұлы, Талғат Жанбота, Аманжол Жонкишев, сондай-ақ, аудандық газеттің тілшілері Клара Көпбаева және Бақдәулет Талипов аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлының қолынан Алғыс хат алды.

Ізін ала, «Заман жаршысы» газетінің тілшілері дайындаған бейнеролик көрсетіліп, онда басылымның шығу барысы және редакция ұжымының күнделікті жұмысы туралы жан-жақты баяндалды.

Сонымен журналистер еңбектерінің еленіп, ескерусіз қалмағаны үшін аудан басшысына алғысын білдірді. Ал, облыстық «Жетісу» газетінің Қарасай ауданындағы меншікті тілшісі Қуат Қайранбай Махаббат Сәдуақасұлына арнау өлеңін оқып берді. Аталған тамаша бас қосуды аудандық «Заман жаршысы» газетінің Директор – бас редакторы Исаева Атлана Жанатқызы сөйлеп, аудан әкіміне жылы жүзді қабылдау өткізіп, сый- сыяпат жасағаны үшін қатысушылардың атынан үлкен рахметін айтты.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Айжан Нұрділдақызы, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманова қатысты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях