Жүкті әйелдерге 425 мың теңге берілетін заң жобасы қарастырылуда

Жүкті әйелдерге 425 мың теңге берілетін заң жобасы қарастырылуда

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақстандық әйелдер жүктіліктің 12-ші аптасына дейін тіркеуге тұрса, 425 мың теңгеден алады деп хабарлайды Karasayunfo.kz желілік басылымы SN.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға 425 мың теңге ең төменгі жалақының он айлық мөлшерлемесін құрайтын төлем жергілікті бюджеттен төленетін болады. Ең бірінші кезекте бұл жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырып, ана мен баланың денсаулығын сақтап қалу үшін жасалуда.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша заң жобасына енгізілген өзгертуде жүкті әйелдерге 425 мың теңге төленеді. Бірақ бәріне бірдей емес, тек жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға ғана.

Бұл заң жобасы 10 сәуірге дейін қоғамдық тыңдауда болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях