Президент ресми сапармен Мәскеуде

Президент ресми сапармен Мәскеуде

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Мемлекет басшысының Ресей Федерациясына екі күндік ресми сапары басталды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде сырт елдерге алғаш рет табан тіреуі. Мәскеу әуежайында құрмет қарауылының сарбаздары сап түзеп, Президентті бірқатар лауазымды тұлға қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізеді. Кремльде өтетін басқосу алдымен шағын құрамда өрбиді. Оған Қазақстан тарапынан Мемлекеттік хатшы, Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Қазақстанның Ресейдегі елшісі қатысады. Кейін кеңейтілген құрамда тағы бір кездесу жоспарланған.

Бұдан әрі президенттер құжаттарға қол қою рәсіміне қатысып, бірлескен мәлімдеме жасайды. Атап айтқанда, екі ел үкіметіне «Байқоңыр» кешенін газдандыру жөнінде пәрмен береді. Сондай-ақ Қазақстан-Ресей өнеркәсіптік кооперация саласындағы іс-қимыл бағдарламасы мен кәсіпорындардың өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық кооперациясына бағытталған жоспар бекітіледі. Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды. Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях