Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандарға ақшалай көмек көрсетіледі

Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандарға ақшалай көмек көрсетіледі

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы апатынан қаза тапқан офицерлердің отбасына бес жылдық ақшалай жәрдемақы жасалатын болды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

27 наурызда сағат 17:35-те «112» пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының құлаған еді. Бортта 13 адам болған. Тікұшақтың апатқа ұшырауының себебі белгісіз. Ол толықтай өртеніп кеткен. Тікұшақтардың ұшуы арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» атты кешенді тексеруі мен жаттығуы аясында түнгі уақытта күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген. Оқиға орны әлі де тексерілуде.  Дәл қазір апаттың неден екені анықталған жоқ. Оған  байланысты іс қозғалды. Дегенмен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетілу басты назарға алынып отыр. Бұл жөнінде  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлімдеді.

– Бес жылдық ақшалай көмек жасалады, әскери қызметкердің ай сайын алып келген жалақысы бес жылдық мөлшерде бірден төленеді. Әрбір отбасыға, мұрагерлеріне. Қазір тиісті есептер жасалуда. Бұрын айтқанымыздай, бастапқы қызметтердің жалақысы орташа есеппен 140 мың теңгеден басталады, келісімшартпен қызмет ететіндердікі азырақ – 60-70 мың теңге. Біз әріптестеріміздің отбасын қараусыз қалдырмаймыз. Заңда әскери қызмет ету кезінде қаза тапқандардың балалары үшін әскери оқу орындарына түсуге жеңілдіктер беру көзделген. Егер отбасында әскери қызметкер қаза тапса, оның інілері әскери қызметке шақырылмайды деген норма да бар, – деді Талғат Мұхтаров.

Ол қорытындылардың бәрін тергеу нәтижесі бойынша комиссия шығаратынын атап өтті.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях