Қызылорда облысында тұтас бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Қызылорда облысында тұтас бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде арақ-шарап сатып алу мүмкін емес. Өзгент ауылында міне, биыл алтыншы жыл барлық тойлар мен мерекелер алкогольді сусындарсыз өткізілуде. Ішімдікті тіпті, жергілікті дүкендерден сатып ала алмайсын. Ауылдын осындай бастамасын бүгінде көршілес ауылдар «эстафета» ретінде қабылдауда, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша бұрын ауылдарында көптеген төбелестер мен ұрлық сияқты мәселелер жиі болып тұрған екен. Бірақ та, көпшілікпен бірлесе 6 жыл бұрын алкогольді ішімдіктерден бас тартқаннан кейін ауылдарында тыныштық пен қауіпсіздік жайлаған. Енді өзгенттіктер өздерінің бос уақыттарын көбінесе спорт кешендерінде немесе таза ауада серуендеумен өткізеді екен.

– Біздің жастар ұлттық спорт түрлерін ұнатады, сондай-ақ, олар волейбол, футбол, үстел теннисі, шахмат ойындарына қатысады. Ауыл алкогольді қабылдаудан бас тартқаннан бері, ешқандай құқық бұзушылықтар болған жоқ, – дейді Өзгент қаласы әкімдігінің жастар ісі жөніндегі әдіскері Дінмұхамед Оразбеков.

Осындай шешімді ауыл тұрғындары жалпы жиналыста көпшіліктін келісімен қабылдағын. Ауыл ақсақалдары ғылымдар мен дәрігерлердің жазған мақалаларына сүйеніп, барлық үйлер мен дүкендерді аралап, алкогольді ішімдіктін адамның денсаулығына тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Міне, енді алды жылдан кейін барлық өзгентіктердін мерекелік үстелдерінде бір тамшы арақ жоқ. Тек қымыз, шұбат және компот.

– «Бахара» сүресінде адам бір күн арақ ішсе, денесі 40 күн зиян алады делінген. Егер, адам мас болған күндері қайтыс болса, онда ол жолдан таюшы болып саналады. Бұл ең үлкен күнә. Осы ретте алкогольді бүкіл Қазақстан бойынша сатуды доғарса, әлдеқайда жақсы болар еді, – деді мешіттің имамы Ұлықбек Тәжидинов.

Алкогольді сусынды сатудан бас тарту жергілікті дүкендерге ешандай қиыншылық тудырмаған. Керісінше сатушылар бұндай қадамның өзіндік пайдасы бар дейді. Бүгінде өзгенттіктердің осындай игі бастамаларын көршілес Түркістан облысының екі ауылының тұрғындары эстафета ретінде қабылдауда.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях