Кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қатысты сенатор ұсыныс білдірді

Кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қатысты сенатор ұсыныс білдірді

Сенатор Нұртөре Жүсіп еліміздің кітапханалары мен мұрағаттарындағы бірқатар мәселелерді атап өтіп, осы саладағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді сұрады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Депутат Сенат отырысында еліміздің Премьер-Министріне осындай депутаттық сауал жолдады. Осы орайда ол 2020 жылғы 1 қаңтардан республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ өңірлік деңгейде өскенін еске салды. Бұл басқарушы және негізгі персоналдарға ғана қатысты.

– Ал қосалқы персонал, инженерлер, программистер мен кітапханалардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін мамандар жалақысы көтерілмей қалған. Аймақтардағы кітапханашылар айлығы бұдан да төмен,– деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеріп қана қоймай, еліміздің кітапханаларын, кітап қоймалары мен мұрағаттарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемаларын шешу маңызды деп санайды.

Депутаттың айтуынша, Ұлттық мұрағат қоры туралы Ереже жетілдіруді талап етеді. Осы уақытқа дейін архивтік ақпарат туралы Біртұтас республикалық классификатор жасалмаған. Мұндай классификатор заманауи каталогтарды, мәліметтердің электрондық базасын, электронды архив, ақпарат іздеу саласын дамыту үшін аса маңызды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях