Кім тісін тегін емдете алады  

Кім тісін тегін емдете алады   

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін стоматологиялық көмекті кімдер ала алады? Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды облыстық филиалының мамандары айтып берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.  

Медицина саласының мамандары шұғыл әрі тегін стоматологиялық көмекті  алатын санаттарды түсіндірді. Яғни, оған сәйкес аталған ем түрі 18 жасқа дейінгі балалар,  жүкті әйелдер, ҰОС қатысушылары, 1,2,3 және 4 топтағы мүгедектер, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналар,  атаулы әлеуметтік көмек алушылар, зейнеткерлер (жасы бойынша), инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар тиесілі.

– Шұғыл стоматологиялық көмекке жіті ауырсыну жағдайлары жатады. Көмек химиялық қатаю композиттік материалдарынан жасалған жансыздандыру, препараттау және пломба салу, жансыздандыру арқылы тісті жұлып тастау, периостотомия, абсцесстерді ашу жатады, – деп түсіндірді аталмыш мекеменің бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Ал, жоспарлы тегін стоматологиялық көмекті дәрігердің жолдамасы бойынша  тек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер ала алады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях