Көп балалы отбасынан шыққан балаларға арналған лагерь

Көп балалы отбасынан шыққан балаларға арналған лагерь

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл Алматы облысында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 40 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мұндай игі бастамаға өңірлік «әлеуметтік карта» бағдарламасымен 280 млн теңге бөлінді. Осы жылы жергілікті билік тарапы аймақтағы 355 мыңнан астам баланы лагерьлер мен сауықтыру орындарына жіберуді жоспарлап отыр. Нақты айтқанда, осы аймаққа қарасты мектептің 96 пайыз білімгері арнайы демалыс орындарда тынығатын болады.

– Бізде облыста 1500-ден аса сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оның ішіне мектеп жанындағы лагерьлер кіреді. Мектептерге қарасты лагерьлердің 558-інде тамақтандыру қарастырылған, ал, 691-інде ондай мүмкіндік жоқ. Жалпы, бұл жазғы демалыс орындары 5 маусымнан бастап жұмыс істейді, – дейді облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Елубаева.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях